Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

22.04.2022

1112 0

Бүгінде Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі жазасын өтеушілердің 88,4 пайызы жұмыспен қамтылған.


ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің бастығы әділет подполковнигі А.Махашев жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесудегі мақсат – сотталғандардың айлық жалақылары Қазақстан Республикасының заңында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен кем болмауы, олардың жұмыс уақытында қадағалануы, жұмыс орнындарындағы  қауіпсіздік  ережелерінің сақталуы, жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі тұрғысында болды. Әділет подполковнигі Айбол Махашев кәсіпкерлерге күнделікті әрбір сотталғандарға жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларын белгілейтін нұсқаулықпен таныстырып отыру қажет екендігін айтып, сонымен қоса олардың еңбекақыларын толық және уақытылы аударылуын камтамасыз етілуі керек деді. Жиын соңында мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Әмірбек жедел ахуалдың тұрақтылығы жөнінде, еңбек заңдылығының талаптарын қатаң сақтау керектігін айтты.


Қазіргі таңда 112 сотталған 26 жеке кәсіпкерде жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкерлерде жұмыс жасайтын сотталғандар есік, үй жиһаздарын, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, машина жөндеумен, газоблок, пескаблок, кірпіш өнімдерін шығарумен айналысады.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: