Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жол белгісі 75 кәсіпкерге кедергі келтірген

09.02.2023

658 0

Сурет ашық дереккөзден

Қызылордалық кәсіпкерлер «Сұлтан» сауда үйінің алдында орналасқан «Аялдауға тыйым салынады» жол белгісіне наразылық білдіріп, шағым түсірді.
Бұл жол белгісі сауда үйінің маңына түңгі 23:00 мен таңғы 08:00 аралығында мүлде көлік тоқтауға тыйым салған. Белгі кәсіпкерлердің түнде тауар тасымалдайтын көліктерінің келіп тоқтауына кедергі келтірген. Әрі жүкті ғимаратқа жеткізуге де қиындық тудырған. Бизнес иелері жол белгісін 2021 жылдан бері алдыра алмаған.
Аталған мәселе Департаменттің «Антикор орталығы» алаңында Қызылорда қаласы полиция басқармасы және қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшыларымен бірге талқыланды.
Ұйымдастырылып өткізілген іс-шаралар нәтижесінде автотұраққа тыйым салатын жол белгісі алынып тасталды. Осылайша 75 шағын бизнес иесінің сауда қызметіне кедергілер жойылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: