Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әкімнің ақынды қолдауы

26.12.2020

1272 0

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ақын, журналист Рысты Бекбергенованы қабылдады. 

Ақпарат айдынында 30 жылдан астам уақыт қызмет еткен журналист өмір жолында шығармашылығын өлеңмен әрлеген жан.

Бүгінде 90 жасқа келсе де өзінің өнегелі өмірін өлеңмен өрнектеген ақынның «Тұң­ғыш кітап», «Ана жүрегі», «Жырға сапар», «Өмірім өлеңмен өрнектелген», «Өмірдің ақ-қарасы» сынды жыр жинақтары оқыр­ман қауымның көңілінен шыққан сомды дүниелер. Жуырда ақынның тағы бір жыр жинағы жарыққа шықты. Қала әкімдігінің қолдауымен жарық көр­ген өлеңдер жинағы  «Өлеңім – менің тұңғышым» деп аталады.

Кездесуде қала басшысы жаңа жинақты ақынға табыстады.

– Бұл кітапты енді қаламыздың кітапханаларына қойып, оқырмандардың қолдан-қолға алып оқуына  мүмкіндік жасайтын боламыз. Алдағы уақытта да шығармашылығыңызды кеңінен танытуға үлкен қолдау болады, – деді шаһар басшысы.

Бес жүз данамен басылған кітаптың жарыққа шығуына қолдау білдірген қала әкіміне Рысты Сейітжанқызы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: