Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Керімбекованың тағайындалғаны туралы әншінің құрбысы Индира Елубаева Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
«Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып,жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі – мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла!», – деп жазды құрбысы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!