Дүйсенбі, 31 наурыз, 10:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Әселдің әсем кәсібі

28.03.2025

306 0

Әрбір ұлттың өзіндік мәдениеті мен дәстүрінің маңызды бөлігінің бірі-ұлттық киімдер.Ұлттық киім халықтың тарихи тамыры мен халықтың өмір салтынан, табиғатпен қарым-қатынасынан және әлемге деген көзқарасының көрінісі. Ұлттық киімдер ғасырлар бойы қалыптасып, халықтың мінез-құлқын, рухани және материалдық мұрасын сақтап келді. Ұлттық киімді кәсіп еткен қала тұрғыны Әсел Елешованың сән әлемімен танысып келдік.

1987 жылы Қараөзек ауылында туып-өскен ол ұлттық киім тігіп сатумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Алғашында шағын ғана орынды жалға алып бастаған кәсіпкер қазір үлкен сән үйінің иесі.

– Қазақы нақыштағы заманауи киімдерді тігу қазір танымал кәсіпке айналды десек те болады. Мұндай сәнді киімге қызығатындар қатары да аз емес. Бұрынғыға қарағанда халық қазақша нақыштағы киімдерді көп киеді. Тек мерекеде емес, күнделікті өмірде сұраныста, – дейді кәсіпкер.

Қазақ халқының ұлттық киімдері өзінің айрықша дизайнымен, ою-өрнектермен ерекшеленеді. Киімдер табиғи материалдардан жасалып, халықтың күнделікті тұрмысын, климаттық ерекшеліктерін ескере отырып тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлерге сай келген.

– Егерде адам кәсіпті шын сүйіп айналысатын болса, кез-келген кәсіпті дөңгелетіп кетуге болады. Алдымен шыдамдылық керек. Жұрттың бәрі қазақша киім сатып жатыр демей өзің осы істі жақсы көріп, сүйіп жасау керек. Шыдамдылықпен бәрін жеңуге болады, – дейді Әсел Елешова 

Ұлттық киімдер тек тарих пен мәдениеттің мұрасы ғана емес, ұлттың ерекшелігін, жеке тұлғасын, рухани дүниесін бейнелейтін өнер туындысы. Ғасырлар бойы сақталып, халықтың тұрмысын, салт-дәстүрлерін, дүниетанымын көрсетіп келді. Ұлттық киімдер арқылы біз тек тарихи дәстүрлерді сақтап қана қоймай, өзіміздің ұлттық мәдениетімізді әлемге танытып, болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыра аламыз.

Мерейім ӘЛІБАТЫР,

Қорқыт  Ата атындағы ҚМУ-дің

3-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: