Жексенбі, 27 сәуiр, 05:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30, 2142
26.04.2025
PDF мұрағаты

“Әже – ұлт ұйтқысы, тәрбие бесігі” атты республикалық әжелер форумы өтті

26.04.2025

111 0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен, облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өңірде алғаш рет республикалық әжелер форумы өтті.

Алғашында 2023 жылы Түркістан облысында өткен форум аясында «Аялы әже» мүсін-таңбасы әзірленген еді. Содан бері әжелер мектебін дамыту тәжірибесін басқа өңірлерде де насихаттау үшін аймақтарға «Аялы әже» мүсінін тапсыру челленджі өткізіліп келеді.​

Биыл 14 наурыз – Амал күні Маңғыстау облысының ардагерлер кеңесінің өкілдері мүсінді Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевқа табыстаған.

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» өткен форумға 200-ден астам қонақ жиналды.Басқосуда облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов әжелердің қоғамдағы рөліне тоқталып, форум қатысушыларын құттықтады.

Өңірлерден арнайы келген қадірлі меймандар мен аймақтағы ардагерлер қозғалысының дамуына өзіндік үлес қосқан жандарға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев жастарға ұлттық тәрбие беру арқылы ардагерлер қозғалысының белсендісі атанған әжелерді кеңестің Құрмет грамотасымен марапаттады.Форумға қатысушылар жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

“Әже - ұлт ұйтқысы, тәрбие бесігі” атты республикалық әжелер форумы өтті

Қызылорда облыстық әжелер алқасының төрайымы Разия Қалжанова форум үндеуін жариялады. Жас ұрпақтың тәрбиесі мен тәлімін дәріптейтін ақ жаулықты, аяулы әжелердің құрметіне арналған «Аялы әже» форумының эстафетасын Ұлытау облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сәрсенкүл Қазымбетоваға салтанатты түрде табыстады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: