Түркістан қаласында өткен «Жарқыра жұлдыз» халықаралық өнер байқауында №290 инженерлік бағыттағы «Келешек» мектебінің «Айя» би ансамблі айрықша табысқа жетті.
Жас таланттардың жоғары деңгейдегі дайындығы мен сахналық шеберлігі қазылар алқасының тарапынан жоғары бағаланып, ұжым екі түрлі хореографиялық қойылым бойынша ең жоғарғы VIP GRAND PRIX марапатына ие болды. Халықаралық дода жас дарындарды қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және өнер саласындағы өзара тәжірибе алмасуды мақсат еткен. Байқау аясында «Айя» ансамблі 6-7 жас аралығындағы бүлдіршіндердің орындауындағы «Бақытты балалық шақ» және 7-8 жас санатындағы «Стиляги» билерін көрермен назарына ұсынды. Әрбір қойылым өзіндік көркемдік ерекшелігімен және орындаушылардың кәсібилігімен дараланды. Ансамбльдің табысты өнер көрсетуі жетекшісі, педагог-хореограф Абдукаликова Айгүл Қабылбекқызының жүйелі еңбегі мен кәсіби біліктілігінің нәтижесі екені атап өтілді. Бұл жеңіс ұжымның шығармашылық ізденісінің жемісі болып, олардың болашақта да биік белестерді бағындыруына жол ашады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
