Жұма, 27 қыркүйек, 03:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№76-2086
24.09.2024
PDF мұрағаты

«Айқай» фильмі Испаниядағы халықаралық фестивальде топ жарды

19.09.2024

149 0

Фото; ҚазАқпарат

«Айқай» Испаниядағы ImagineIndia International Film Festival кинофестивалінде топ жарды. Фильм 70-ке жуық туындының ішінен таңдалып, «Үздік сценарий» аталымына қол жеткізді.- деп хабарлайды KAZINFORM.

Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген. Туындыда ядролық жарылыстан зардап шеккен Семей полигоны құрбандарының тағдыры баяндалады. Маңызды мәселені қаузаған фильмнің 23-ші рет өткізіліп отырған фестивальде топ жаруы бекер емес.

Фильмнің режиссері – Кенжебек Шайқақов. «Айқай» – режиссердің екінші толықметражды жұмысы. Көркем фильмнің түсірілімі Абай облысы Аягөз ауданы Шыңғожа ауылында өтті. Басты рөлдердерде Орынбек Шаймағанбетов, Арнұр Акрам, Ерболат Әлқожа, Бейнұр Баймұхамбетов, Ерлан Малаев, Айбек Иманқұлов және Айғаным Нұрсұлтан ойнайды.

ImagineIndia фестивалі – Үнді субконтиненті, Азия елдері, Испания және онымен бірге Еуропалық Одақ арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға арналған ауқымды жоба. «Айқай» фильмінің жетістігі мәдени ынтымақтастықтың, әлеуметтік және экологиялық мәселелерге қатысты оқиғаларды насихаттаудың маңыздылығын көрсетеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: