«Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесерінде Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп кітапқа ерекше баға берді.Ол өз сөзінде «Бұл еңбек бір ғылыми зерттеу институты атқаратын жұмыс» – деді.Айта кетейік, бүгін Қызылорда қаласындағы «Достық» үйінде «Сыр журналистикасының тарихы» 5 томдығының тұсаукесері өтті.Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ түркітану кафедрасының профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы Амантай Шәріп және Түркістан облысындағы БАҚ басшылары, қызылордалық қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!