Сенбі, 07 маусым, 17:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 -2154
03.06.2025
PDF мұрағаты

Ана әлдиінен – сахна сәніне…

23.05.2025

65 0

Анаға тағзым орталығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған  «Ана әлдиінен – сахна сәніне…» атты бенефис кеш өтті.

Бұл – жай ғана өнер кеші емес, бұл – аналық мейірім мен өнерге деген адалдықтың тоғысқан мерекесі. Өнердің әр саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қайраткерлер мен олардың артында демеу болған асыл аналарға тағзым ретінде ұйымдастырылған кеш. Шын мәнінде, жүрекке жылу мен күлкі сыйлап, көрермен көңілінен ерекше орын алды.

Кештің шымылдығын жүргізуші Әділбек Тәңірберген ашты. Сахна төріне шыққан әрбір қонақпен жүрекжарды сұхбат өрбітті. Көрермен қауымды өнер әлемінің ішкі құпияларымен, кейіпкерлердің бала шақтағы тәтті естеліктерімен, шығармашылық жолындағы қызықты сәттерімен танысты.

Кеш барысында Қызылорда облыстық филармониясының режиссері, сценарист, әнші, «Мәдениет саласының үздігі» Азиза Іздіқұлова Гәжденбекқызы шығармашылық жолы мен анасына  деген алғысын білдірді. Белгілі күйші, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Әлімжан Әбсадықов күй өнерінің құндылығы жөнінде сыр шертіп, шәкірттерімен бірге күй тартты. Сондай-ақ дәстүрлі әнші, педагогика ғылымдарының магистрі Ақмарал Ноғайбаева сахна төрінде ән шырқап, өнерге жетелеген анасымен бірге әсерлі сұхбат құрды.  «Қуыршақ театрының» әртісі Баян Қали және оның анасы, қоюшы режиссер Күләш Жанмұратова аналық махаббат пен өнер жолындағы сырларын ортаға салды. Кештің көркемдік мазмұнын бейнероликтер мен қонақ кәделер толықтырып, аналарға гүл шоқтары тарту етілді. Сонымен қатар «Анаға тағзым» орталығының директоры Алтынай Молжанова мерекелік құттықтау сөз сөйледі.

Бұл кеш – ананың әлдиінен басталған өмірдің сахна сәніне айналғанын дәлелдеген тағылымды шара ретінде есте қалары анық.

Қарақат Медетқызы

Қоркыт ата атындагы

Кызылорда университетінін,

Журналистика мамандыгынын,

1-курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: