Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ана деп ән салам

03.03.2022

1138 0

Көңілге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осыған орай Қызылорда қалалық білім бөлімінің «Сыр дидары» бөбекжай-бақшасының «Жас қайың» тобының бүлдіршіндерінің қатысуымен ертеңгілік өтті. Мерекелік шараны топ тәрбиешілері Луиза Наурызбаева мен Нұрайым Байниязова ұйымдастырды.

Бұл мерекенің қай кезде де орны бөлек. Себебі аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Ертеңгілікте бүлдіршіндер әжелері мен аналарына арналған әндерін орындап, тақпақтарын жатқа айтты. Би билеп, түрлі өнерлерін ортаға салды. «Жас қайың» тобының бүлдіршіндері ата-аналарына деген шексіз құрметі мен махаббатын осылайша білдіріп, керемет көңіл-күй сыйлады.

Ана деп ән салам
Ана деп ән салам
Ана деп ән салам

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: