Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Анамыздан айырылып қала жаздадық»: Әли Оқапов анасына қастандық жасалғанын айтты

12.12.2023

1013 0

«Анамыздан екі рет айырылып қала жаздадық». Әли Оқапов дәл осындай мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Халық әртісіне қастандық ұйымдастырғалы жылдар өтсе де, шындық әлі ашылмаған.

Әншінің ұлы анасына жасалған қастандық, тағдырындағы қилы кезеңдер, шарықтау мен шыңырауға құлау сәттерін экранизацияламақ. Әли Оқапов Роза Рымбаева туралы фильм түсіремін деп, сабылып жүргеніне үш жылға жуықтаған. Деген оның тұсауын кесуге тұсау болғандар бар екен.

«Үш жыл қатарынан өтпей қалып жатырмыз. Өйткені эксперттік комиссия мүшелері бар және олардың субъектив көзқарасы бойынша шешім қабылданады. Сол шешімге байланысты қолдау көрсетіледі. Жылдан-жылға шаршамай, сол «Роза» атты папкамды көтеріп, кейбір адамның көзіне күйік болып, бірақ ұсынып жүрмін», – деді ол НТК телеарнасындағы Revunews бағдарламасына берген сұхбатында.

Бір қызығы халық әртісінің шындығын жариялауға қарсы шенеуніктер де бар екен.

«Менімен келіспейтін жандар көп. Осы киноға қарсы шыққан жандар көп. Майталмандар да бар олардың арасында. Олардың өз жоспары бар шығар, біз сол жоспарға сай келмейтін шығармыз деп ойлаймын. Бірақ мен жеңілмеймін, тоқтамаймын», – деді Әли Оқапов.

Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева қастандық жасамақ болғандар бұрын да болғанын, қазір де бар екенін айтты.

«Екі рет анамыз өле жаздаған. Оны көбісі білмейді. Кеңес үкіметінің ыдырауы, 90-жылдар бар, содан кейін менің дүниеге келгенім бар, Мәдидің дүниеге келгені бар, әкеміздің қайтыс болғаны бар, түрлі-түрлі бәсекелестерінің жағымсыз қадамдары бар, жағымсыз кейіпкерлері де бар, оның барлығы өмірден алынған», – деді Әли Оқапов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: