Жұма, 27 желтоқсан, 03:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ақ тілек

31.12.2020

1222 0

Жаңа жыл баршамызға ұнайды анық,

Сағындырып келіп тұр жыл айналып.

Ақтарылып тілектер жүректерден,

Жүздер бал-бұл жанады шырайланып.

Бөленгендей көңілім көріктеніп,

Босағадан бақыт боп еніп келіп.

Сыйыңды арттыра бер Сиыр жылы,

Елімнің керегесі кеңіп толып.

Жырымның сөлін сығып берем ләззат,

Көңілді тербетеді өлең ғажап.

Тышқан жылын өткердік тышқаншылап,

«Өткен жылға өкпе жоқ» деген қазақ.

Болашақ болсын енді тартымдырақ,

Қазағым тойда өткізіп әр күнді шат.

Келешекке көз қадап көкжиектен,

Өткенге есеп берем қортындылап.

Әр адамға тілеймін қайраттылық,

Толқыған өр көңілді жайнатты үміт.

Қардай аппақ көңілдер кірлемесін,

Қуанышта болайық ойнап, күліп.

Мына ғасыр той болып мәрт Алашым,

Ынтымақ, береке енсін ортаңа шын.

Ұлы дала елінің ұландары,

Ұланасыр тойларың тарқамасын.

Тұрар Бекмырзаев

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: