Жұма, 21 наурыз, 22:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20,2133
18.03.2025
PDF мұрағаты

Аралдықтар Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтады

21.03.2025

60 0

Бүгін Аралда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары қатысты.

Орталық алаң Ұлыстың ұлы күніне сай безендірілген. Жиналған жұртшылық қолөнер туындылары және тарихи жәдігер қойылған көрмелерді, ұлттық ойындарды, қыз бен жігіт айтысын тамашалады. Аймақ басшысы тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.​


«Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен жүзеге асқан Сыр өңіріндегі байыпты бастамалар мен жасампаз жобалардың маңызы зор. Былтыр осыдан екі жарым жыл бұрын 364 млрд теңге болған облыс бюджетін 750 млрд теңгеден асырдық. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. Сәулеті мен сәні келіскен жаңа ғимараттар бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Жергілікті кәсіпкерлер, осы елден шыққан меценаттар, туған жерін түлетіп, көркейтуге бар күш-жігерін салып, демеушілік көрсетті, белсенділік танытты. Алдағы уақытта да бекем бірлігіміз бен тату тірлігіміздің арқасында өңіріміздің экономикасын тұрақты дамытатын, елдің игілігі мен балаларымыздың болашағы үшін жасалатын ауқымды жобалар жалғасын табады. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтаған Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге толайым табыстарымен, жаңалықтарымен келсін! Жеріміздің тынысы кең, еліміздің мерейі үстем, халқымыздың келешегі кемел болсын деп тілеймін!», – деді Н.Нәлібаев.

Аралдықтар Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық салт-дәстүрлерді ұлықтады


Мерекелік шарада «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай, Арал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов құттықтау лебізін жеткізіп, Қызылорда облысының құрметті азаматы, Биғали Қаюпов батасын берді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: