Бейсенбі, 20 қараша, 18:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

«Байлыққа алданған жас әйел өкініші»: «Қисық дүние» кітабының тұсаукесері өтті

20.11.2025

29 0

Фото: Артём Чурсинов

Астанада қаламгер, журналист, аудармашы Жадыра Шамұратованың “Қисық дүние” кітабының тұсаукесері өтті. “Qazcontent” АҚ ұйымдастырған кітаптың тұсаукесеріне ақын-жазушылар, журналистер, этнопедагогтар мен блогерлер қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

“Қисық дүниені” оқып отырып, бүгінгі қоғам көрінісі көз алдыма келді. Автордың көзқарасымен қарасақ терең ой, ондағы кейіпкердің ішкі жан-дүниесіне үңіле білген нәзіктік пен махаббатты аңғаруға болады. Автордың шығармасындағы кейіпкерлерді мен өзім өмірде кезіктірдім. Сондықтан бұл шығарманың алар орны ерекше. Әйел образдары жақсы суреттелген, – деді “Qazcontent” АҚ Төрағасы Айна Задабек.

Кітапқа енген әңгімелерде сан-алуан тағдырлар бар: қиыншылық көрген қорғансыз жандар, есірткіге тәуелділіктің қасіретін шеккендер, дін фанатизмінің салдарына ұрынғандар сияқтыларды баяндап, суреттей отырып, жазушы қоғамның сыздаған жарасын көз алдыңызға әкеледі.

“Қисық дүние” – қоғам шындығын тап баса суреттеген жинақ. “Әйел ер азаматтың қабырғасынан жаралған” деген мифологияның барын ескерсек, қисық жаралған сүйекті қолдан түзеу келмейді. Осы түсініктерді автор ишаралап шыққандай. Бұл мазмұнда мінез бар, әрі өмірдің жақсы айнасын көрсетуді мақсат еткен, – деді әдебиеттанушы Асылбек Байтанұлы.

Автордың бұл жинағында өмір мен махаббат, мейірім мен өкініш, арман мен күрес өзара сабақтасып өріледі. Байлыққа алданған жас әйелдің өкініші адами құндылықтың шынайы бағасын еске салса, өмірін өзгелердің саулығына арнаған дәрігер, шын мәнінде, өзі жалғыз, өзі мейірімге шөлдеген жан.

Айта кетейік, Жадыра Шамұратова бұған дейін “Секундтар арасындағы шексіздік”, “Айтылмаған сыр”, “Сандық” жинақтарын оқырмандарына ұсынған.

“Қисық дүние” кітабы туралы толық талдауды алдағы уақытта “Әдебиет порталынан” оқи аласыздар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: