Сенбі, 20 сәуiр, 18:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Даланың дауысы –домбыра

08.12.2020

3002 0

«Қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырза Әлі айтқанындай, қазақ халқы десе, ең алдымен еске түсетін атрибуттың бірі домбыра екені анық.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма­қаласында жазылғандай, ұлттық жаңғыру – бұл ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. «Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», – делінген мақалада.

Домбыра – шекті аспаптардың ішіндегі ең көнелерінің біріне жатады.  Жалпы, әрбір қазақ үшін киелі домбыра – ұлтымыздың символы. Қазақ күйі адам жанын тебірентеді, керемет сезімге бөлейді, жүрекке бойлап, терең бойлайды. Көпшелілер заманында да солай болған, бүгін де солай. Домбыра бағзы заманнан бері қазақ халқымен бірге жасап келеді. Адамдар оны қайғыда да, қуанышта да қолынан түсірмейді. Сыңғырлаған домбы­раның қоңыр үні халқымыздың тарихын, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа әуенмен жеткізіп келеді. Аталған аспап туралы қазақ ертегілерінде де, аңыз әңгімелерінде де айтылады. Ал Құрманғазы, Дина Нұрпейісова, Әлшекей Бектібайұлы, Нұрғиса Тілендиев сынды домбыраның құлағында ойнаған дәулескер күйшілердің есімдері қазақ мәдениетінің символына айналып, олардың шығармалары қазақ музыкасының жылнамасында сақталған.

Домбыраға деген қызығушылық әрі музы­калық аспаптың танымалдылығы ешқашан да тоқтаған емес. Бүгінде домбыраның құлағында ойнайтын жастар көп. Бұл қуантарлық жайт. Бұл дәстүрді сақтап, оны келесі ұрпаққа аманат етіп тапсыру біздің қолымыздан келеді.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен бірге домбыраның да күні туғаны анық. Домбыра­мен  күй тартып, ән салатын адамдарды осы күні төрге шығарайық. Тек осы күні ғана емес, жылдың үш жүз алпыс бес күні домбыра ұлтымыздың жүрегінде болғай. мұғалім

Жадыра Әлиханова,

мұғалім

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: