Сәрсенбі, 09 шiлде, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Қарақат Әбілдина кітап шығарды

09.07.2025

116 0

фото: инстаграм желісінен

Қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина «Қарақат салған қанатты ән» атты жаңа кітабын таныстырды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл – жетіген аспабында орындалатын әндерге толықтай арналған алғашқы басылым. Жетіген — көне қазақтың ұлттық музыкалық аспабы.

Кітапта Қарақат Әбілдинаның жетігенде орындаған 32 әні жинақталған. Онда ән мәтіндері, ноталары және QR-код арқылы қолжетімді аудио-нұсқалары қамтылған.

Әншінің айтуынша, бұл еңбек жетігенді үйренгісі келетін жас музыканттар мен ұстаздар үшін таптырмас оқу құралы болмақ.

«Бұл тек менің шығармашылығым емес – қазақ руханиятына қосқан бір тамшы үлесім деп білемін. Өнер жолында өз үнімді, өз ізімді қалдыру – менің арманым еді. Осы туынды – көп армандарымның бірі, соның орындалған сәті…», – деп жазды әнші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: