Димаш өзінің әнімен, тамаша даусымен тілі бөлек, танымы бөлек миллиардттаған жандардың жүрегіне жол тапқан нағыз өнерпаз, әлем елшісі. Бұл туралы АҚШ президенті Джозеф Байденнің инаугурациясын тойлау апталығының ашылу салтанатына Димаш Құдайбергеннің шақырылуын түсіндірген «Sister Cities International» компаниясының өкілі Dean Suozzi-Auberry мәлім етті. Кеш ұйымдастырушысының айтқандарын ақын, аудармашы Айбек Ережеп тәржімалап, желідегі парақшасында жариялады.– Әлемге белгілі әншілердің арасынан жан-жақты зерттей келе таңдауымыз Димаш Құдайбергенге түсті. Себебі, Димаш – ұлтын сүйетін азамат, бойында адамдық құндылықтың қазынасы бар тұлға. Ол әлемдік бейбітшіліктің символы іспетті. Оны әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар жақсы көреді. Біздің ойымызша ол саясаттан биік тұлға. Өзінің әнімен, тамаша даусымен тілі бөлек, танымы бөлек миллиардттаған жандардың жүрегіне жол тапқан нағыз өнерпаз, әлем елшісі деуге болады.Екіншіден Орта азиядағы мемлекеттермен қарым-қатынасымыз жақсы, Қазақстанмен де тығыз байланыстамыз. Бұл жақындығымызды оданда ары жақындата түскіміз келеді.«Самалтау» әні ұлтын сүйген, тыныштықты аңсаған, жанұясының бақытты ғұмыр кешкенін армандаған, құлдық кісенінен босанғысы келген кеудесіне шер толған азаматтың әні. Тарихи ән! Біз сондықтан осы әнді таңдадық – деген Dean Suozzi-Auberry өзінің «InfoArtit JK» (АҚШ) каналына берген сұхбатында.
Президент инаугурациясын тойлау апталығына арналған салтанатты іс-шарадаДимаш Құдайберген қазақтың халық әні «Самалтауды» орындаған.
Осылайша, Димаш АҚШ-тың сайланған президентін инагурациялау апталығын ашатын іс-шарада «Sister Cities International» мен Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының бүкіл тарихында Қазақстаннан алғаш рет қатысқан әртіс атанды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!