Сәрсенбі, 10 қыркүйек, 18:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№68, 2181
09.09.2025
PDF мұрағаты

Ғалым мұрасы – халық қазынасы

10.09.2025

52 0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, эпостану ғылымының негізін салушылардың бірі, ұстаз, ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай «Сенімі біліміне серік болған» атты дөңгелек үстел өтті.

Айта кетейік, Әуелбек Қоңыратбаев ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі болды. Әбунасыр әл-Фарабидің есімі елге белгілі кезде оны қазақ мәдениетінің аса ірі қайраткері ретінде мақала жазып, көпшілікке таныстырды. Ғалымның Қорқыттануға қосқан үлесі айтарлықтай. Қорқыт туралы бірнеше мақала жазған. Ол кейіннен «Қорқыт ата» кітабын тұңғыш рет қазақша сөйлетті. Сондай-ақ Сүлеймен Бақырғани, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы жайында көлемді мақала жазған.

Маңызды шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Сәдуақасұлы, Қорқыт ата атындағы қызылорда университетінің оқытушысы, өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнар Искакова, «Әлімсақ» журналының редакторы Нұрлан Көбегенұлы, №48 Ә. Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Нұргүл Утеева қатысып, ғұлама ғалымның ғылыми еңбектері мен шығармашылығына тоқталып, өнегелі естеліктер айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: