Бейсенбі, 13 қараша, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Кенеп бетінде – қала бояулары

13.11.2025

37 0

Фото:  Egemen.kz.

Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында Алматының әсем табиғатын айшықтаған сурет көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Суретшілер одағының мүшелері Құралай Аманжолова, Виктория Цой, Светлана Цой сынды талантты қылқалам шеберлерінің қолтаңбаларын біріктірген «Алматыдағы серуен» атты өнер жәрмеңкесіне 80-ге жуық кескіндемелік туындылар қойылған.

Суретшілер пленэрлік туындыларында Алматы қаласының сұлу келбетін бейнелей отырып, күнделікті уақыт тынысын бір сәт тоқтатып, қас-қағым сәтті мәңгілікке айналдырғандай әсер қалдырады. Сюжеттік композициялардағы ерекше палитра арқылы уақыт кеңістігінің динамикалық ырғағын сезінуге және сол атмосфераны еркін қабылдауға мүмкіндік береді. Әсіресе, жарық пен түстің қатынасы арқылы суретшілер қаланың таңғы сергектігін, түскі қарбаласын, кешкі тыныштығын бір мезетте көрсетіп, көрермендер сюжетпен тікелей байланыс орната алатындай әсер туғызған. 

«Көрменің ерекшелігі – әр автордың қалаға деген өзіндік көзқарасы мен суреттеу мәнерін көрсете білуінде. Суретшілердің қылқалам ізінен – қаланың өткені мен бүгіні, табиғаты мен тылсым болмысы, заман ағымындағы халықтың өмір тіршілігі туралы әңгіме өруге болады. Қала көріністерінің астарында адамдардың рухани әлемі, олардың өмірге деген көзқарасы, табиғат пен қоғам арасындағы нәзік байланыс қылаң береді.

Негізінде пленэрлік жұмыстардың тағы бір ерекшелігі – олардың шынайылығы мен энергиясы. Мұнда әрбір жұмыс – қалаға арналған махаббат хаты, әрбір бояу – уақыттың куәсі»,- дейді өнертанушы Гүлнар Жуваниязова. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: