23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, Ж.Нұрсейітов атындағы 233 орта мектеп кітапханасында «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесі болды. Іс-шараны аталған мектептің кітапханашылары А.Райқұлова мен Д.Пайзова ұйымдастырған.
Мұнда арнайы бұрыш ұйымдастырып, көрмеге қазақ әдебиетінің алтын қорына енген шығармаларды, балалар мен жасөспірімдерге арналған қызықты кітаптар қойған. Оқушылар өздерінің сүйікті кейіпкерлері, кітаптан алған тағылымдары туралы әсерлі ойларымен бөлісті.
Шараның негізгі мақсаты – кітаптың адам өміріндегі рөлін ұғындыру, оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және автор еңбегіне деген құрметті қалыптастыру.
Іс-шараға 2-3-4-5 сынып оқушылары арасынан тұрақты оқырмандар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер оқып, көрермендер ықыласына бөленді. Олардың көркем оқу шеберлігі, дауыс ырғағы, сахналық образдары жақсы бағаланды.
Белсенді оқырмандар мақтау қағаздарымен марапатталды. Мұндай шаралар оқушыларды кітап оқуға баулу, олардың ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын дамыту жолында үлкен маңызға ие.
23 сәуір – тек бір күндік мереке ғана емес, ол – кітапқа деген құрмет пен рухани байлықты дәріптеудің жарқын көрінісі. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды іс-шаралар жалғасын табады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!