Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атқарған жұмыстары туралы брифинг өтті

01.02.2022

1219 0

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Әбілдаев қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 12 қалалық мәдениет үйі, клубтар және халықтық ұжымдар, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (21 кітапхана) және Қызылорда қаласының тарихи музейі жұмыс атқарады.

Қала тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу негізінде «Мереке думан» халықтық әзіл-сықақ отауы мен Жастар театры мазмұнды шығармаларды орындауымен ерекшеленіп келеді және өздерінің пьесасы мен қойылымдарын 2021 жылғы жоспарға сәйкес өткізді.

– Жалпы, өткен жылы 1428 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 215 586 көрермен тартылды. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы бойынша жас дарынды өнерпаздарды үлкен сахнаға дайындау үшін қала орталығындағы және кент, ауылдық округтердегі клубтар мен мәдениет үйлер жанынан барлығы 90 үйірме жұмыс жасап, оған 1079 көркемөнерпаз қамтылды. Мәдениет үйлері мен клуб кәсіпорындары түрлі деңгейдегі 181 байқауға қатысып, жүлделі оралды, – деді бөлім басшысы.

Кітапханаға келген оқырман сұранысын қанағаттандыру, сапалы қызмет көрсету, кітап берілім жұмысын тездету мақсатында жүйеге қарасты барлық кітапханаларда Республикалық автоматтандырылған кітапхана-ақпараттық жүйесі РАБИС бағдарламасы бойынша электронды каталог қорына 415 425 кітап пен мақала енгізіліп, сандық форматқа әр түрлі сала бойынша 1274 кітап көшірілді.

Айта кету керек, биыл Қазақстан және КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жылдығы, жазушы, драматург, М. Әуезовтің 125 жылдығы, Ұлт ұстазы А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы аясында түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастыру жоспарға қойылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: