Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқан тікелей эфирде ұятқа қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Продюсер келіншек «Алтын ханым» байқауын жүргізді. Ол бағдарлама барысында қатысушыларды хабарлап тұрып, сөзден жаңылып, бір сәтке үзіліс сұрады. «Бір минут» деген сәтте, қасында тұрған тележүргізуші Динара Сәтжан оған сыбырлап, «бұл тікелей эфир»деп ескертеді. Кәсіби тележүргізуші Мөлдірге көрерменнен қолдау білдіруін сұрайды.
Әлеуметтік желілерде бұл сәттің видеосы тез таралып, қоғам тарапынан түрлі пікір тудырды. Көпшілігі журналистиканың кәсіби саласын шоу-бизнес өкілдерінің иеленуін сынға алды.
“Айгүл Мүкей неге жүргізбеген?!”, “Динара мықты маман екенін көрсетті”, “Аузы қисық болса да, байдың әйелі сөйлесін”, “Тұрсынбектің арқасында шығып жүрген адам”, “Өте төмен деңгейдегі маман екенін көрсетті”, “Мәтінін жаттамай, шатасып қалды”, “Билеп жүргенше, қағазды оқып жаттамайсың ба?!”, – деп жазды көпшілік.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!