«Наурызнама» онкүндігі бойынша 17 наурыз –«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күні.Атаулы датаға орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Наурыз-думан» атты этнографиялық мерекелік шара ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылығымызды дәріптеу және насихаттау мақсатында «Көктем өрнегі» атты этнографиялық көрме, «Тоғызқұмалақ», «Хан талапай» ойындары, «Мәдениет және өнер» залында қолөнер шеберлерінің шеберлік сағаты, «Тұсау кесер», «Сырға салу» рәсімдері, «Ұлттық тағам – ұлт бренді» атты тағамдардың көрінісі сынды ұлттық құндылықтар көрермен назарына ұсынылды.
Мерекелік шараға мәдениет саласының майталмандары мен қала тұрғындары, музей ардагерлері, студент жастар және оқушылар қатысты.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!