Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Өнермен өрілген өмір

04.10.2022

1006 0

Биыл қазақтың бұлбұлы атанған Роза Бағланованың туғанына – 100 жыл. тұсында ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін әншінің бір ғасырлық тойы аясында оның өмір жолы мен шығармашылығы кеңінен насихатталуда. Осыған орай Сыр өңірінде де керемет шаралар ұйымдастырылды.

Н.Бекежанов атындағы об­лыстық қазақ акаде­миялық му­зыкалық драма театрында Роза Бағланова­ның 100 жылдығына арналған «Қазақ деген халық­тың еркесімін» атты «Қазақконцерт» өнерпаздарының концерттік бағ­дарламасы көрермен назарына ұсынылды.

Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орын­басары Серік Қожаниязов қатысып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.

– Биыл қазақ өнерінің жарық жұлдызы, Халық қаһарманы, даңқты жерлесіміз Роза Бағланова­ның ғасырлық тойы кең ауқымда өтуде. Мәдени шаралар ЮНЕСКО деңгейінде ұйымдастырылды. Сол игілікті істің жалғасы әншінің туған топырағы – Сыр өңіріне де келіп жетті. Осы мақсатта жақында Роза Бағланованың есі­мі берілген «Қазақконцерт» ұжы­мы қызылордалық өнерсүйер халықпен жүздесуді жөн көрді, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың бұлбұлы Роза Тәжібайқызының есімін халық жадын­да мәңгі қалдыру мақ­сатында ғасырлық тойын жоғары деңгейде өткізуді айрықша атаған еді. Ел Үкіметінің қаулы­сымен «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйы­мына Роза Бағланованың есімі берілді. Бүгінде бұл ұйымда 400-ден астам өнер маманы шоғырланған. 

Мерекелік концертте Роза Бағланова атындағы «Қазақ­концерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ди­ректоры Ақтоты Райымқұлова халық әртісінің өнер жо­лындағы еңбектерін айтып өтті.

– Дала дарыны кезінде еліміздің Абай атындағы академиялық опера және балет театрында, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік фи­лармониясында еңбек етіп, 1960 жылдан бастап өмірінің соңына дейін «Қазақкоцерт» концерттік ұйымының солисі болды. Саналы ғұмырының сан жылын осы өнер ошағының атағын аспандатуға, ел мәдениетін өсіруге арнағаны ескеріліп, аталған ұйымға Роза Бағланованың есімінің берілуі заң­дылық деп санаймыз, – деді Ақтоты Райымқұлова.

Гастрольдік сапар облыстың Қар­мақшы, Қазалы, Арал ауданы мен Байқоңыр қаласында жалға­сын тапты.

Сонымен қатар Қазалы ау­да­­нында Роза Бағланованың 100 жыл­дық мерейтойы аясында республикалық ақындар айтысы өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ақындарды «Алтын дом­быраның» 3 дүркін иегері Мұхтар Ниязов бастап барды. Аламанда қызыл­ордалық ай­тыскер ақын Ержеңіс Әбдиев бас жүлдеге ие болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: