Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімова ажырасып кетті деген ақпарат әлеуметтік желіде кең тарады. Ақпараттың рас-өтірігін Гүлзира Айдарбекова айтып берді.
Бұл туралы «Опмай-опмай» бағдарламасында айтылды.
Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, ұлы мен келіні тату-тәтті бірге тұрып жатыр. Ал ел арасында тараған әңгіме жай ғана қауесет.
«Менен не сұрағыларыңыз келіп тұрғанын да біліп тұрмын. Қайрат пен Жұлдыз ажырасқан жоқ. Олар бірге. Егер ажырасып кетсе, бәріне бірден белгілі болар еді. Сондықтан бұл жалған қауесет. Ондай нәрсені жасыру мүмкін емес қой», – деді Айдарбекова.
Продюсердің айтуынша, ешбір келінімен ұзақ уақыт тұрып көрмеген екен. Сондықтан үнемі сағынысып көріседі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!