Сенбі, 28 желтоқсан, 11:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Нұртас жауапкершілікке тартылуы мүмкін

24.03.2021

3118 0

Әлеуметтік желілерде Семей мейрамханасының бірінде қазақстандық эстрада жұлдызының қатысуымен өткен іс-шараның видеосы тарап жатыр.

Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері қаладағы мейрамханалардың бірінде өткен той-жиынның мән-жайын анықтап жатыр. Видеода танымал қазақстандық әнші Қайрат Нұртас та қонақтар арасында көрінеді, деп хабарлайды жергілікті yk-news.kz порталы.

«Танымал әншіге қатысты видео 23 наурыздан кейін әртүрлі желілерде жариялана бастады. Ал мемлекеттік бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес республика аумағында бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Қазіргі кезде қазақстандық әншінің қатысуымен өткен жиынға баланысты мейрамхана иесі мен лауазымды тұлғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны туралы полициядан алынған материалдар негізінде тиісті шара қабылдау мәселесі қарастырылып жатыр», – делінген Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.

Ал Instagram желісінің қолданушылары жарияланған видеодағы той иесі Семей қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы екені айтылады.

«Бүгін «Жібек жолы» мейрамханасында Семей қаласының мамандандырылған ХҚКО-ның басшысы Ержан Тілеужанов той өткізді. Тойға Қайрат Нұртас келді. Ол Қайраттың жанында көк костюммен отырған адам», – деп жазылған видео астына жазылған пікірлердің бірінде.
Аталған фактіге орай, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстарын жүргізуде. Соның аясында карантиндік шектеулерді бұзушылар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша жазаға тартылады. Оларға ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, карантиндік шектеу кезінде өткен мерекелік іс-шараның барлық қатысушыларымен бірге Қайрат Нұртасқа қатысты да әкімшілік материалдар жиналған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: