Дүйсенбі, 21 шiлде, 21:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№53, 2166
19.07.2025
PDF мұрағаты

Қала тұрғындарына «100 кітап» ұлттық сауалнамасы насихатталды

21.07.2025

89 0

Бүгін қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері «100 кітап» ұлттық сауалнамаға қызылордалықтарды қатысуға шақырды.

Кітапханашылар халық көп шоғырланатын жерлерде қала тұрғындарына ұлттық сауалнаманың мән-маңызын түсіндіріп, таңдаулы деген жүз туындының тізімін жасақтауға атсалысуға шақырып, үнпарақтар таратты. Бұл кітаптар әртүрлі жанрда болуы мүмкін. Тарихи шығармалар, көркем әдеби, балалар әдебиеті, фантастика, детектив тағысын тағы басқа жанрдағы кітаптар.
Әрбір отбасы өзінің кітап сөресінде тұратын кітаптарының тізімін анықтай білсе, сауалнаманың оң нәтижесі осы болады деп ойлаймыз. «100 кітап» – бұл жай ғана рейтинг емес. Бұл – әрбір қазақ оқырманының таңдауы арқылы ұлттық әдебиетті қолдау, отандық авторлардың мәртебесін көтеру, ұрпақты оқуға, ойлауға баулу жолындағы нақты қадам.


Сіз де дауыс беріп, ұлт руханиятына үлес қосыңыз, оқырман!

Қала тұрғындарына "100 кітап" ұлттық сауалнамасы насихатталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: