Дүйсенбі, 14 шiлде, 16:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандық әнші «Славян базары 2025» байқауының жеңімпазы атанды

14.07.2025

93 0

Фото: БЕЛТА

Беларусь елінде дәстүрлі жыл сайынғы эстрада әншілерінің “Славян базары” байқауының қорытындысы шықты. Бас жүлдені отандасымыз Алмагүл Батталиева еншіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2025 жылғы байқау қорытындысы бойынша Гран-при иегері – Қазақстанның атынан қатысқан Алмагүл Батталиева атанды. Отандасымыз жалпы 137 ұпай жинады. Финалда ол “Вечность” әнін орындап, тыңдарманның жүрегінен орын алды.

Алмагүл Батталиева – Жетісу облыстық филармониясының әртісі. Байқау барысында ол вокалдық тұрғыдан күрделі, әлемдік және ресейлік хит әндерді орындап, қазылар алқасын мықты дауысымен және харизмасымен тәнті етті.

Бірінші орынды Беларусь елінің әншісі Валерия Бернатович жеңіп алды. Екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера бөлісті. Үшінші орын  ресейлік Эрик Ахметов пен Қырғызстаннан келген Рыскелді Старбековке бұйырды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: