Сәрсенбі, 08 қаңтар, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

«Қытығыма тиді»: Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан Шараповпен соттасқанына өкінетінін айтты

06.01.2025

158 0

Коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасқанына өкінетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ләйлә Сұлтанқызының пайымдауынша, бұл жағдай екеуінің ақылға келіп, уақытылы басыла алмағандығынан туындаған.

«Нұрболханмен бекер соттасыппын. Қазір соны түсініп отырмын. Ол бала да эмоцияға беріліп, менде де сондай жағдай болды. Кіші болып ол тоқтамады, үлкен болып мен де тоқтамадым. Біздің ақымақтығымыз осы болып тұр. Ол елдің көзінше де, былай да кешірім сұрап жатыр. Шын айтса сол жағдай үшін ұяламын. Былай қарасаң болмашы дүние үшін қырық пышақ болдық. Сол кезде сәл эгом басымырақ болды. Қытығыма тиді», – деді Ләйлә Сұлтанқызы «Din Dina Show» бағдарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: