Бүгін облыстық симфония оркестрі жанынан құрылған ішекті квартет көрерменге дебюттік концертін ұсынды. Төрт аспаптан тұратын музыкалық ансамбль талғамы биік көрермен назарына әлемнің үздік классиктерінің шығармаларын ұсынды.
Жақында құрылған квартеттің жетекшісі — Халықаралық конкурстардың лауреаты Евгений Музыкант
Скрипкада — Гүлжан Қонақбаева, Анастасия Мусинова
Виолончельде — Руслан Сайын
Альт аспабынба — Динара Жаманова
Талғампаз тыңдарманды квартеттің орындаушылық деңгейі, виртуоздық техникасы, дыбыс сұлулығы, стильді тылсым сезінуі және биік ансамбльдік мәдениеті баурап алып, көрермен өнер иелеріне жоғары бағасын беріп үлгерді. Алдағы уақытта ұжым өз репертуарын әлемдік классикалық музыкамен қатар, Қазақстан композиторларының озық шығармаларымен толықтырмақ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!