Жұма, 14 наурыз, 14:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18,2131
08.03.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада классикалық музыка кеші өтті

08.02.2025

68 0

Бүгін композитор, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан композиторлар қауымдастығының төрағасы Артық Тоқсанбаевтың шығармашылығына арналған облыстық симфония оркестрінің концерті өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері —Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Мүсілім Әмзе және дирижері — Рустам Рысмағамбетов.

Артық Жарылқасынұлы Күләш Байсейітова атындағы Республикалық мектепте музыкалық сауатын ашып, өнер жолын бастайды. Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған кәсіби композитор, симфониялық, камералық шығармалардың, балалар мен жасөспірімдерге арналған музыканың, ән-романстардың, «Дикий Восток», «Сардар», «Секер» кинофильмдерінің, «Мүсінші Наурызбаев» деректі фильмі музыкасының және т.б. шедевр шығармалардың авторы.

Қазақ классикалық, камералық музыкасына дем беріп, жаңаша бағытта дамуына үлес қосқан композитордың бұл Сыр еліндегі алғашқы шығармашылық кеші. Ұлы музыка кешінде облыстық филармония басшысы Талғат Бақытбекұлы композиторға аймақ басшысының арнайы құттықтауын табыстап, қонақжайлық дәстүрмен иығына шапан жапты.

Қызылордалықтарды классикалық музыканың тұнық үніне еліткен айрықша кеште А.Тоқсанбаевтың шоқтығы биік шығармалары орындалды. Маэстроның төл туындыларын филармония солистері Н.Омар, Б.Серік, А.Төреғали, А.Қойшығара, А.Табынбаев және Т.Ағыраев (қылқобыз) орындап, көрерменге керемет кеш сыйлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: