Сейсенбі, 18 наурыз, 04:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада қайырымдылық концерті өтті

17.03.2025

27 0

Наурыз – ізгілік пен игілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұлттық мерекеміз адамзат баласын бауырмалдылық пен татулыққа, мейірбандық пен достыққа үндейді. Жасқа жақсылық тілеу – жасамыстың мызғымас міндеті. Осы ретте бүгін Қызылорда облыстық филармониясы симфония оркестрінің жанынан құрылған ішекті аспаптар квартеті облыстық мүгедектерге арналған «Талсуат» оңалту орталығында болып, ондағы ем алушыларға мерекелік концертін ұсынды. Квартеттің жетекшісі – Евгений Музыкант.

Ерекше классикалық кеш Наурыз онкүндігі аясында «15 наурыз – Қайырымдылық күніне» орай ұйымдастырылды. Саз әуені әуелеген концертке орталық қызметін алушы мүгедектігі бар азаматтар, ерекше балалар мен қызметкерлер қатысты. Мерекелік тосын сый концерті көрермендерге керемет көңіл-күй мен әуезді атмосфера сыйлады. Концертте В.А.Моцарттың, А.Вивальдидің танымал шығармалары, халық әндері мен заманауи композиторларды туындылары орындалды. Ерекше классикалық кештің ем алушы көрермендеріміздің денсаулығына да пайдасы зор. Өйткені, бүгінгі медицина ғылымы сан ғасырдан бері бір нотасы өзгермеген классикалық туындылардың тыңдарманға ерекше көңіл күй, жан дүниесіне тыныштық сыйлайтынын дәлелдеп отыр. Концерт соңында мекеме басшылығы мен ем алушылар әртістерге ризашылықтарын білдіріп, рахмет айтты.

Классикалық музыка – ешқашан мәнін және тыңдарманын жоғалтпайтын бірден-бір өнер саласы. Әсіресе, симфониялық туындыларды тыңдау жаныңызға да, тәніңізге де пайдасын тигізеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: