Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Достық үйінде ұлттық әйелдер киімдерінің көрсетілімі өтті.
ҚХА-ның «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы бірнеше жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Ол бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастырудың негізі ретінде Қазақстан халқының арасында қазақ халқының тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын танымал етуге бағытталған.
«Ұлттық киім – ұлттық құндылық» атты іс-шараны облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесімен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараға әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің белсенді әйелдері, аналар кеңесінің мүшелері, кәсіпкер әйелдер, дизайнерлік мамандық студенттері қатысты.
Көрсетілімде жас дизайнер-модельер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының жеңімпазы Малика Дүйсенбаеваның туындылары көрсетілді.
Көрсетілім жас ұрпақтың ұлттық киімге деген қызығушылы мен құрметті, оны киюге деген ықыласты ояту үшін және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында ұйымдастырылды.
Қазақ халқы мен Қазақстан этностарының дәстүрлерін насихаттайтын осындай іс-шаралар алдағы уақытта да көптеп өткізілетін болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!