Қызылорда облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы мен Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен кәсіби және әуесқой қолөнер шеберлерінің «Ұлттық өнердің түнгі сыры:» атты көрме -жәрмеңкесі мен шеберлер кеші өтті.
Басты мақсат- қолөнершілердің басын қосып, өнімдерін дамытуға ықпал ету, туындыларын көпшілікке таныстыру. Осы арқылы тарихымызды, салт-дәстүрімізді насихаттау.
Іс- шараға 20-дан аса шебер қатысып, өздерінің 100-ден астам туындысын ұсынды. Ағаштан жасалған түрлі туындылар, кестелеп тігілген ұлттық киімдер,этносөмкелер, өрнектеп безендірілген бұйымдар да осы көрменің сәніне айналды.
Көрме барысында ағаш шебері Б.Ділманов домбыра жасау бұйымдарынан, О.Шолақов – қыш өнерінен, Қ.Ильясова құрақ құрау,А.Әлайдарова киізден арнайы пано жасау үлгісін, М.Әлжанованың кілем тоқу өнерінен шеберлік сағаты ұйымдастырылып, шеберлердің жұмыстарын көрсетуге мүмкіндік берілді.
Шарада Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының және облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының Алғысы табысталды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!