Әншінің марапатын Абай облысының әкімі тапсырған.
Қазақстанның жезтаңдай әншісі Роза Рымбаева Абай облысының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Роза Рымбаеваға облыстың «құрметті азаматы» деген медальді табыстады.
«Бүгін қасиетті мекен Абай облысының құрметті азаматы медалімен марапатталдым», – деп жазды әнші әлеуметтік желісінде.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!