Биыл Шәмші атамыздың туғанына 95 жыл толды. Осыған орай, Түркістан облыстық Ш. Қалдаяқов атындағы филармония ұжымы Қызылорда қаласында «Ән аға-жан аға» атты концерт ұйымдастырып, әнсүйер көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Фойеде «Тұмар» этно-фольклорлық ансамблі Шәмші әндерін аспапта ойнап, көрерменді қарсы алды. Әнсүйер қауым Шәмшінің өзі қолданған бұйымдарын, киімдерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.Сондай -ақ Шәмші ауылынан алынған ұлттық тағамдардан арнайы дайындалған фуршет дастарханы арқылы дәм ауыз тиді. Поно-тақтайшаларынан Шәмші әндерінің шығу тарихынан хабардар болды.

Кеште 60 жылдан астам тарихы бар өнер ордасының әртістері Ұлы композитордың таңдаулы шығармаларын орындады. Концерт барысында ән еркесінің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер көрерменге жол тартты.
Ш. Қалдаяқов атындағы филармония ұжымына Қызылорда облыстық филармониясы «Өнер орталығы» мекемесінің концерттік залы көрерменмен толыққандығы, қошеметі,сый-құрметі асқан шабыт сыйлады.

Айта кету керек Ш. Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының «Ән аға-Жан аға» атты концерттік жобасы бұған дейін Түркістан, Шымкент, Алматы қалаларында қойылып, көрерменнің ықыласына кенелген болатын.
Өнер ордасының келесі концерті бұрынғы кештерден де өзгеше және әсерлі болады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!