Сыр еліне арнайы шақыртумен келіп, облыстық филармония жанынан құрылған «Томирис» және «Ai-Aru» заманауи би ансамбльдеріне би қою бағытында жұмыс жасаған балетмейстер, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Ұлттық ұлан би ансамблінің қоюшы режиссері, Халықаралық би конкурстарының лауреаты Ернұр Қарықбол 10 күнге жалғасқан шеберлік дәрісін сәтті аяқтады.
Би ұжымдарының шығармашылық әлеуетін арттырып, шеберліктерін шыңдау мақсатында өткен шарада балетмейстер «Томирис» би ансамбліне ерекше жанрда ұлттық болмыспен біте қайнасқан «Қаражорға» биін қойса, «Томирис» және «Ai-Aru» заманауи би ансамбльдерін біріктіріп, жаңаша композиция «Қыран» биін қойды.
- Еліміздің оңтүстік аймағы, оның ішінде қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сыр өңірі асқан қонақжайлықпен қарсы алды. Алғаш келуім болмаса да, осындай жұмыс процесіне бірінші рет қатысып отырмын. Облыстық филармония басшылығы, би ұжымдары үлкен шабытпен шығармашылық жұмыс жасауыма мүмкіндік туғызды. Ол үшін ерекше алғысымды білдіремін. Қойған билерім де ұжымның көңілінен шықты деп ойлаймын,-дейді балетмейстер Е.Қарықбол.
Бұрын-соңды өңірдің би өнерінде болмаған жаңа жанр жергілікті өнер ұжымдары үшін ерекше эстетикалық талғам мен би өнерінің басқа бағыттарын байқап көруге мүмкіндік сыйлады.
Ұжымдардың көркемдік жетекшілері мен ұжым мүшелері кәсіби тұрғыда жасалған үлкен еңбек үшін балетмейстер Ернұр Қарықболға және керемет мүмкіндіктер сыйлаған филармония басшылығына алғыстарын білдірді. Өз кезегінде, балетмейстер Сыр елінің қонақжайлығы мен бишілердің кәсіби ынталары үшін ризашылығын жеткізді
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!