Сенбі, 19 сәуiр, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Сыр сахнасында «Танакөз»

18.04.2025

360 0

Кеше Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры М.Шахановтың «Танакөз» драмасын қызылордалық көрерменге ұсынды. Спектакльді Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Жанмұрат Сейілов, мәдениет өкілдері және қала тұрғындары тамашалады.

«Танакөз» поэмасының негізгі арқауы – достық пен махаббат. Майдан даласында қан кешіп жүрген екі әкенің адал достығы олар­­дың ұрпағы Мұхтар мен Мұраттың дос­тығына жалғасты. Майданда қан кеш­кен айнымас достардың ұлдары әкесіз өсті, алайда олардың жолын бағып, тілеуін ті­леп, дұғасына қосып отырған қос ана бар еді. Тел қозыдай бірге өскен екі жігіттің ор­тасында өскен Танакөзге айнымасқа серт­тескен қос достың көңілі бір сәтте ауа­ды. Ендігі жерде олар бір-бірімен жарыса бас­тайды. Ғашық жан екеу, Танакөз жалғыз. Ара­ға сызат түссе, қиын. Шынайы махаббат жеңе ме, нағыз достық жеңе ме? Осындай әрі-сәрі күйде отырған көрерменді Мұрат өз шешімімен таңғалдырады. Сұлу бой­жет­кен­ді досы Мұхтарға қиып, махаббатын мәң­гілікке жүрегіне түйіп, қаладан енді кел­ген Зеркүлге үйленіп, шаңырақ көтереді. Алай­да Мұраттың бұл шешімі Мұхтар мен Тана­көздің тағдырының қосылуына оң әсер етпейді. Абайсызда трактордың ас­тын­­да қалып екі аяғынан айырылған Мұ­рат­­тың қайғысына шыдамаған анасы қайтыс бола­ды. Осыдан соң екі арада сезім жоғын бі­ле­­тін Мұрат Зеркүлге шындықты айтып, екі жаққа кетуді ұсынады. Жан досының ба­сындағы ауыр жағдайды естіп келген Мұх­тар Мұраттың қасынан Танакөзді кө­ре­ді. Соңында екі ғашықтың бір-біріне де­ген сезімі шынайы екенін түсінеді. Қойылым соңын­да үш дос Ақсу суына шомылып, бала кез­дегідей ойнайды.

Сыр сахнасында "Танакөз"

Қызылордалық көрермендер Ә. Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының өнеріне қошеметін білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: