Бейсенбі, 01 мамыр, 15:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Тарих пен тағылым тоғысқан жыр кеші

30.04.2025

42 0

30 сәуір күні Жыраулар үйінде “Ерен еңбегі үшін” медалінің иегері, жырау Руслан Ахметовтің орындауындағы “Кенесары–Наурызбай” тарихи жыр-дастаны көрермен назарына ұсынылды.
Бұл кеш — халқымыздың азаттық жолындағы күресін жыр тілінде дәріптейтін көркемдік оқиға. Қазақ жыраулық дәстүрінің жарқын өкілі Руслан Ахметов өз репертуарындағы ауқымды туындылардың бірі – “Кенесары–Наурызбай” дастанын толық нұсқада жырлап, көрермендерді терең тарихи толғаныс пен рухани әсерге бөледі. Кештің тағы бір айрықша сәті – Руслан Ахметовтің шәкірті, жас жыршы Сұлтанбек Нұрасылдың өнер көрсетуі. Ұстаз жолын жалғаған өнерпаз орындаушылығымен жұрттың ыстық ықыласына бөленді. Ұлттық өнер – ұлттың рухани тірегі.
Дәстүрлі жыр өнерін жаңғыртып, ұлттың рухани мұрасын насихаттауға бағытталған бұл шара — Жыраулар үйінің ұйымдастыруымен өтті. Кешке зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар, жастар мен жырсүйер қауым қатысты.
Жырау Руслан Ахметов – ел арасында жыраулық өнерді насихаттап жүрген талантты орындаушы. Оның репертуарында тарихи, эпикалық, ғұрыптық жырлар кеңінен қамтылған. Осы жолғы жыр кеші де көрермен көңілінен шығып, зор ықыласқа ие болды.
«Кенесары – Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: