Бүгін облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлының 80 жылдығына арналған «Театр-тағдыр тұмарым!» атты шығармашылық кеші өткізілді.
Мерейлі кеште облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мерейтой иесін құттықтап, өнер саласындағы еңбегін ерекше бағалады.
Іс-шарада Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының әртістері, Сыр өнерпаздары Самал Байсейітова мен Мақсат Мақұлбеков бастаған өнер саласының қызметкерлері режиссердің өмірлік жолы мен қызметіне арналған сахна қойылымдары мен ән композицияларын орындады.
Кеш соңында мерейтой иесі жиналған жұртқа көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!