Ережесі
«ТОЛҚЫН – ТАРИХ ТАРАЗЫСЫ» атты «Толқын» газетінің 95 жылдығы және Ә.Қоңыратбаевтың 120 жылдығына арналған ақындар мүшәйрасы
Байқау қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында Арал аудандық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
1. Байқаудың мақсаты:
– Ұлт тарихын түгендеп, ауданның оң имиджін қалыптастырып отырған, елдік және ерлік дәстүрді қаламына арқау еткен басылымның ғибыратты жолын, шығармашылығын насихаттау;
– Газеттің 95 жылдық тарихын, көтерген мәселесі мен редакторларын өлеңге арқау ету
– Газет оқырман санын арттыру
– Жазушы-журналистер, қаламгер ақындар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту.
2. Байқаудың шарттары:
– Мүшәйраға облыстағы 18 бен 35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;
– Байқауға ақын 2 өлең ұсынады;
- «Толқын» газетінің 95 жылдығына арнау
- Тұңғыш редактор Әуелбек Қоңыратбаевтың 120 жылдығына арнау
– Өлең көлемі 15 шумақтан асып кетпеуі тиіс
– Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;
– Байқауға бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ұсынылады;
– Байқауға қатысушы тілші өзінің толық аты-жөнін, мекенжайын, қысқаша өмірбаянын, телефон нөмірін, сапалы суреті мен шығармасын tolkyngazeti@gmail.com электронды поштасына немесе 8 705 824 74 32 WhatsApp нөміріне #Байқауға хэштегімен жазып жібереді.
3. Байқаудың мерзімі:
– Байқауға қатысатын шығармаларды қабылдау 2025 жылы 25 қазан күні тоқтатылады;
– Қабылданған шығармалардың ішінен іріктеліп шыққан жеңімпаздар Арал қаласына қорытынды кешке шақырылады. (Өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады);
– Қабылданған шығармалар ішіндегі ең үздік 10 ақын тәуелсіз қазылар шешімімен анықталады;
– Үздік деп танылған шығармалар БАҚ-на жарияланады.
4. Байқаудың қазылар алқасы:
– Қазылар алқасы қазақ пэзиясында өзіндік орны бар қаламгерлерден құралады;
– Олар байқауға түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;
– Анықталған шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;
– Ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін үйлестіреді.
5. Байқау бәйгесі:
– Бас бәйге – 300 мың теңге;
– Бірінші орын – 200 мың теңге;
– Екінші орын – 100 мың теңге; (екеу)
– Үшінші орын – 50 мың теңге; (үшеу)
– Арнайы жүлде – 50 мың теңге
– Ынталандыру – 3 адамға 20 мың теңгеден беріледі.
– Қазылар – 50 мың (3 адам)
– ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 1 МЛН 110 МЫҢ ТЕҢГЕ
Байқауға түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақұлдауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!