Жексенбі, 24 қараша, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Туған жеріне тағзым еткен тасбөгеттік түлек

02.12.2021

1524 0

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Туған жерге тағзым» жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, дәстүрлі әнші Ұлжан Байбосынова өзі білім алған Тасбөгет кентіндегі №11 мектеп-лицейінен домбыра сыныбын аштырып, арнайы шеберлер қолынан шыққан 20 домбыраны сыйға тартты. Сондай-ақ С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің жанынан ашылған «Ғибрат» үйірмесіне де 10 домбыра сыйлады. 

«Ұлтымыздың ұлы аспа­бы – домбыра» атты қазақтың қара домбырасының қасиетін ұлықтауға арналған  шараға Тасбөгет кенті әкімі Семсер Сыздықов қатысып, жылы лебізін білдірді.

– Мұндай құнды мұра әр қазақтың үйінде тұруы тиіс. Ал мәдениет үйі мен білім ордаларында тұруы заңдылық деп ойлаймын. Ұлжан Мәлікайдарқызы Сыр өңіріне ғана емес күллі қа­зақ даласына есімі мәшһүр жырауларымыздың бірі. Ол­ көптеген халықаралық сах­­­наларда Сыр сүлейлері шы­ғармаларын насихаттап ке­леді. Ұлағатты өнер иесі­нің өз туған жерімен кез­десу өткізіп, осындай баға жет­пес асыл дүниені тар­ту етіп жатқаны бізге үлкен қолдау. Енді алдағы уақытта сіздің жолыңызды жалғап жыр көгінде қанат қағатын жас өнерпаздар шы­ғады деп сенемін. Бұл  ел тәуелсіздігінің мерейлі сәтінде бізге тамаша тарту болды. Еліміз аман, өнеріміз өміршең болсын, – деді кент әкімі.

Шара барысында Ұлжан Мәлікайдарқызы жас өнер­паздар өнерін тама­шалап, өз шығармашы­лығы­нан да шеберлік сағатын өткізді. Фойеде «Тәуелсіздік – мәң­гілік елдің тұғыры» тақы­рыбында кітап және қолөнер бұйымдарының көрмесі көр­сетілді.

Ұлттық құндылықтары­мыз ұлықталған шарада жергілікті тұрғындар рухани қуат алып, туған жеріне қамқорлық жа­сауды ұмыт­паған Сыр пер­зентіне риза­шылықтарын біл­діріп жатты.

М.ЖӨКЕБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: