Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ә. Нұрпейісов атындағы музей-үйінде музей қызметкерлері арасында «Үздік музей қызметкері – 2022» байқауы болып өтті.
Шараға Арал ауданы әкімінің орынбасары Бержанов Кете-Төлеби Досымжанұлы, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржақыпова Жанар, ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер-ұстаз, өлкетанушы Қуатов Үргенішбай және музей қызметкерлері, тарихшылар қатысты.
Байқауға барлық деңгейдегі музей қызметкерлері қатысып, 3 түрлі сынақ бойынша бақ сынасты. Байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Байқаудың шарты бойынша барлық сынақтан сүрінбей өтіп, қазылар алқасының шешімімен Жалағаш аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жапақов Қанат «Үздік музей қызметкері» болды.
Сондай-ақ, байқау ережесі бойынша Ғ.Мұратбаев мемориалды музейінің қор сақтаушысы Сералы Әлібек, «Үздік музейлік жоба», С. Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының экскурсоводы Тасенова Айжан, «Креативті маман», Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Әбутегі Бекболат «Рухани құндылықтарды насихаттаушы» номинацияларын өзара бөлісті.
Байқауға қатысқан қызметкерлер ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараны Арал ауданы әкімінің орынбасары Бержанов Кете-Төлеби Досымжанұлы ашып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!