Бейсенбі, 09 қаңтар, 08:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1-(2114)
07.01.2025
PDF мұрағаты

Жазира Байырбекова:»Бәрін әйелге артып қою дұрыс емес»

08.01.2025

161 0

Фото: Nur.kz

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде отбасы тақырыбын қозғап, көпшілікке ой салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады. 

Өнер иесі отбасылық өмірде бар жауапкершілікті әйелге артып қою дұрыс емес екенін алға тартты. Әнші әсерлі жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

«Отбасының берекесі әйелде деп келдік. Нәзік жанды әйелге бар жауапкершілікті артып қою дұрыс емес қой, иә?! Отбасының берекесі екі адамға да байланысты», – деп жазды Жазира Байырбекова. 

Желі қолданушылары шоу-бизнес жұлдызының бұл пікірін қолдап, оған жылы лебізін білдірді.

«Өте дұрыс айтасыз. Бәрі екі адамға байланысты», «Жолдасым екеуміз үй тірлігін бірге істей береміз. Береке мен бірлік деген осы болар», «Сөздеріңізбен толықтай келісемін», «Дұрыс айтасыз. Бәрін әйелге артып қою өте дұрыс емес», «Сондай жарасымды жұп. Бақытты болыңыздар», «Арада махаббат та, сыйластық та, бір біріне құрметті де болу керек», «Өте орынды айтылған», – деп жазуда оқырмандар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: