Жұма, 27 желтоқсан, 04:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

30 жасты жұмыспен қамтымақ

26.11.2024

207 0

Өңірдегі жастар ресурстық орталықтары мақсат пен мүдденің үдесінен шығып жүр ме? Жастарды қолдау қаншалықты жүзеге асып жатыр? Қала әкімі Нұржан Ахатов пен қалалық мәслихат депутаты Ділмұхамед Абызов «QOSYL»
қалалық жастар ресурстық орталығына барып,
жұмысымен танысты.

Жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және олардың қызметін дамытуды мойнына жауапкершілік етіп алған орталықтың жұмысымен мекеме директоры Медет Жорабек кеңінен таныстырып, ұсыныс-тілектерін жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Шаһар басшысы жастармен еркін форматта пікір алмасып, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.
– Орталыққа келген жастарды кәсіпкерлікке ынталандырып, жұмысшы мамандықтарды көбірек насихаттау қажет. Біз сіздерден әрдайым креативті ұсыныс, жаңа идеялар күтеміз. Бастамаларыңызды әрқашан қолдауға дайынбыз, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Кездесуде қалалық мәслихат депутаты Ділмұхамед Абызов орталық басшысының ұсынысына сәйкес, 30-ға жуық жасты тұрақты жұмыспен қамтуға дайын екенін жеткізді. Алдағы уақытта кәсіпкерлерді жұмылдырып, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар жүзеге асырыла бермек.
Айта кету керек, «QOSYL» брендімен танылған орталықта 8 маман жұмыс істейді. Жыл басынан бері орталықтың қызметіне 7125 жас жүгінген, 408 іс-шара ұйымдастырылды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: