Сенбі, 25 қазан, 02:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№81, 2193
25.10.2025
PDF мұрағаты

Әдептілік – мемлекеттік қызметтің ұстанымы

25.10.2025

44 0

Қазақстан Республикасының мем­­лекеттік қызмет жүйесі қалып­тасқаннан бері мемлекеттік қызмет­шілердің кәсібилігімен қатар, олар­дың әдептілігі маңызды, себебі әдептілік мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік басқаруды жаңаша ұйымдастыру – Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы басты фактор.

Қоғамның мемлекеттік орган­дарға деген сенім деңгейін арттырып, халықпен кері байланысты жақсар­ту, адамға бағдарланған мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалып­тастыру бағытында Қазақстан Республикасы Президентінің Жар­лы­ғымен мемлекеттік қызметші­лердің Әдеп кодексі де жаңа редакцияда бекітілді.

Бұл Кодекс қоғамның мемлекет­тік органдарға деген сенімін нығай­туға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәде­ниетін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдеп­сіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Кодекстің жаңа редакциясына «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» деп аталатын тарау енгізіліп отыр. Осыған сәйкес, мем­лекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа, яғни адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашық­тық, сыпайылық, клиентке бағ­дарлану деген қағидаттарға негіз­делген.

Сонымен қатар, жаңа Әдеп ко­дексінде мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттары бекітіліп, оны насихаттау мен бұзушылықтардың профилактикасында Әдеп жөніндегі кеңестің және Әдеп жөніндегі уәкіл­дердің рөлінің маңыздылығы артты.

Биылғы жылы Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің Қызыл­орда облысындағы Әдеп жөнін­­­дегі кеңесінің 8 отырысы өткізіліп, 44 мәселе күн тәртібіне шығарыл­ды. Қаралған мәселелер­дің 16-сы тәртіптік істер болса, 28-і бұзу­шылық­тардың профилактика­сына бағытталды.

Тәртіптік істерді қарау нәти­желерімен 2 тәртіптік іс тоқтатылса, Әдеп кодексінің талаптарын бұз­ғаны үшін 3 мемлекеттік қыз­метші, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы­лықтарға жол бергені үшін 11  мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.

Жалпы мемлекеттік қызмет­шілердің жұмысына баға беретін халық. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші, ең әуелі халыққа қыз­мет ететінін естен шығармай, өз­дері қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, әділдігін қамтамасыз етуге, қызмет барысында әдептілік нормаларын қатаң сақтауды, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапы­нан сынға ұшырамауды және мемле­кеттік қызметтің беделіне нұқсан кел­тірмеу керектігін назардан шығармауы тиіс.

Талғат Нуртаев

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: