Сейсенбі, 24 ақпан, 01:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Әділетті қоғамға бастар жол

24.02.2026

41 0

Конституциялық реформалар жөніндегі ко­мис­сия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Жоба елдің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртуға және мемлекеттің дамуының жаңа кезеңіне берік құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді.

Жаңа Конституция азаматтар, саяси пар­тиялар, қоғамдық ұйымдар мен сарапшы­лардың ұсыныс­тары негізінде әзірленді. Алты айға жуық уақытқа созылған ашық қоғамдық талқылаулар барысында екі мыңнан астам ұсыныс қаралып, жүйеленді.

Реформаның бастамашысы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент 2025 жыл­ғы Жолдауында бір палаталы Парламент құру арқылы елдің саяси жүйесін кешенді жаңғыр­ту қажеттігін атап өткен еді. Осы бастама аясында құрылған Конституциялық комис­сия­ның жұмысы қоғам алдында толықтай ашық өтті.

Жаңа Конституция жобасы Преамбула, 11 бө­лім мен 95 баптан тұрады. Құжат қоғам­дағы не­гізгі құқықтық қатынастарды жан-жақты қамтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Конституциялық құрылыстың негіздеріне кел­сек, жобаның алғашқы бөлімі мемлекеттің іргелі қағидаттарын айқындайды. Онда: егемендіктің иесі әрі биліктің бастауы – халық екені көрсетілген. Азаматтардың ел басқару ісіне қатысу рөлі күшей­тілген. Аумақтық тұтастық пен басқару жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін әкімшілік-аумақтық құрылымды конституциялық заңмен айқындау ұсынылған.

Жаңа Ата Заң жобасында болашаққа бағыт­талған жаңашылдықтар да бар. Олар бірпалаталы жаңа Парламент яғни, Құрылтай құру, Қазақстанның Халық Кеңесі – жалпыұлттық диалог алаңы, Вице-президент институтын енгізу және азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтары да алғаш рет Конституцияда көрініс табуда.

Бір сөзбен айтқанда, Жаңа Конституция – әді­летті қоғам құруға, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға арналған стратегиялық құжат болғалы отыр.  Бұл – ел болашағына қатысты ортақ таңдау.

Жандос Базартай,

  «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: