Топ-баннер2

Сенбі, 07 наурыз, 05:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Әйел – Ана, Әйел – Ару, ертегі ел.

07.03.2026

45 0

«Ақмешіт апталығы» газетінің арулары,

көктем мерекесі құтты болсын!

Барсаң сонау таудағы бұлақтарға,

Керемет үн келді құлақтарға.

Шіркін – ай, әйелдерде біз сезбейтін,

Сырлар көп-ау сырғалы құлақтарда.

Әз Наурыздың атты таңы арайлап,

Арулармен ажарланды әр аймақ.

Күтті халық бұл көгілдір көктемді,

Қайта-қайта күнтізбеге қарайлап.

Қыраттарда көкмайсалар көктеді,

Жұлдыздар да жымыңдайды көктегі.

Бәрі құтты болсын айтып жатқандай,

Әйелдердің ЖЫЛҚЫ жылғы көктемі.

Олар солай сый сыйлауда тосын ғып,

Демейміз біз түк таба алмай тосылдық.

Сендерге арнап шын жүректен жыр жазып,

Жұлдыздарға біз де бірден қосылдық.

Әйел – Ана,

Әйел – Ару, ертегі ел.

Сыры жұмбақ,

Нәзік жанды еркелі ел.

Аналарым, Аруларым өзіңмен,

Күміс күлкі көктеміңмен ерте кел…

Аруларды келе жатқан гүл ашып,

Алмаңдаршы тектен-текке жылатып.

Сезіммен де сеніммен де аялап,

Жүріңдерші жылы сөзбен жұбатып.

Сендер үшін ата берсін ақ таңдар,

Сырлы әлемнің сұлулығын сақтаңдар!

Сендерсіңдер жанұяның тірегі,

Тіршіліктің тауқыметін тартпаңдар!

Әйел анық,

Әйел – бақыт, береке,

Әйелдерсіз керілмейді кереге.

Құтты болсын,

Аналар мен Арулар,

Көктемдегі келген мынау мереке!

Қазыбек Әшірбекұлы

«апталықтың» ардагері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: