ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ арасында рұқсатсыз қалдық төккен жерлерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық түсірілім қызметін көрсету бойынша келісім-шарт жасалды. 2018 жылдан бері бей-берекет төгілген қалдық орындарын анықтау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Осы уақытқа дейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ-мен ғарыштық түсірілім қызметі негізін¬де облыс аумағында 120 рұқсатсыз қалдық орындары анықталды. Бұл жұмыстар негізінде жергілікті әкімдіктермен бірлесіп рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мақсатында жұмыс атқарылып, заңсыз қоқыс алаңдары толығымен тазартылды.
Департаменттің жергілікті атқарушы орган¬дармен бірлесе атқарған іс-шаралары нәтижесі¬мен анықталған қалдықтар орындарының 100% жойылды.
Бұған дейін, Қызылорда қаласының 50 км-лік радиусы аумағында 2018 жылы – 240 орын, 2019 жылы – 228 орын, 2020 жылы –136 орын, 2021 жылы – 105 орын, 2022 жылы – 99 анықталса, 2023 жылы – 74 анықталса, 2024 жылы – 120 рұқсатсыз қалдықтар орындары анықталған.
Облыс аумағында 2018 жылдың мәліметімен салыстырғанда жылдан-жылға заңсыз қалдықтар орындарының біршама азайып келе жатқаны байқалады. Дегенмен 2018 жылдан бері қарай шешімін таппай келе жатқан біршама заңсыз қалдық орындары бар екендігі, геопортал жүйесіне космостық бейне-түсіріліммен енгізіліп келе жатыр.
Қызылорда қаласы және аудан, кент, ауылдық округтердегі орналасқан рұқсатсыз қалдықтар орындары жыл сайын тазартылғанымен, тұрғындар тарапынан қалдықтарды қайта тастау тыйыл¬май отыр. Сондықтан да департамент облыс тұрғындарын рұқсатсыз жерге бей-берекет қоқыс қалдықтарын тастамауға шақырады.
«Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста!» деген қағиданы ұмытпайық. Мойындаған жөн, кейде жиналған қоқысты бөліп шығармақ түгілі, жақын жердегі контейнерге апарып тастауға ерінетін адамдар бар. Өзіміз өмір сүріп жатқан аймақты таза ұстау – біздің міндет. Айналамызды біреу келіп жинап бермейтінін есте сақтаған жөн. Рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастамау қажеттігін күнделікті әдетке айналдырып, өзімізден бастасақ айнала таза болары белгілі жайт.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!